Жұма, 29 наурыз, 15:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртылуда

19.09.2022

811 0

Қызылорда қаласындағы Абай №47 көпқабатты тұрғын үйге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Кеше шаһар басшысы Асылбек Шаменов жаңғыру құрылысы жүріп жатқан үйге барып көрді.

Күрделі жөндеу жұмыстарын «Строй Инжиниринг ЛТД» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде. Модернизациялау жұмысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын  жаңғырту аясында қолға алынған. Жаңғырту жұмыстары қазан айының аяғына дейін аяқталады деп күтілуде.

– Бұл істің тұрғындар үшін тиімді тұсы – үй иелері жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемені өздері таңдайды. Таңдаған мекеме жұмысын тұрғындар арасынан сайланған белсенді топ бақылауда ұстап, қадағалайды. Жөндеу жұмыстарына қатысты тұрғындардың сын-ескертпелері болса мердігерге жеткізе отырып, өзгерту енгізе алады. Сонымен қатар жөндеу жұмыстары аяқталғанда үйді қабылдап алуға да сол белсенді топ мүшелері атсалысады. Ең басты талап істің сапалы уақытылы аяқталуы. Осыны назарға алыңыздар. Барлығын өз бақылауымда ұстайтын боламын, – деді қала әкімі Асылбек Шаменов.

Үйлерінің қайта жаңартылып жатқанынан тұрғындар бек қуанышты. Өз кезегінде біз де тұрғындармен тілдесіп, пікірлерін білген едік.

– Біз модернизацияны ұзақ күттік. Үйіміздің салынғанына 60 жылға жуықтады. Содан бері дұрыс жөндеу көрмеді. Шатырымыздан су ағып, жылу құбырлары мен кәріз жүйесі өте нашар жағдайда болған. Сол шатырымыз дұрысталып жатыр. Судың, жылудың құбырлары да ретке келтірілді. Мердігерді өзіміз таңдадық. Өзіміз қадағалап жүрміз. Жаңғырту жұмыстары ойдағыдай жүргізілуде. Атқарылып жатқан жаңғырту жұмыстарына көңіліміз толады. Біраз жылға дейін уайымсыз отырамыз деп сенімді түрде айта аламын, – дейді қала тұрғыны Бибайша Нұрғалиева.

Мүсілім ШАЙДУЛЛА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: