Дүйсенбі, 22 шiлде, 20:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Имам әйелдерді қалай ұрып-соғу керегін айтты

17.07.2024

392 0

Сурет:"Татар-информ"

Қазандағы Ирек мешітінің имамы Тимур Камаев ер адамдарға басқа әдістер нәтиже бермесе, әйелді «ұруға» болатынын айтты. Оның айтуынша, Ислам діні әйелді ұруға тыйым салады, бірақ жарақат салмайтын жеңіл соққылар қабылданады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«Татар-информ» YouTube-арнасында жарияланған «Хазіретпен шай» подкастында Камаев әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы сұрақтарға жауап берді. Сауалдарға жауап беру барысында татарстандық имам мұсылмандарға әйелдерін қалай «ұрып-соққаны» дұрыс екенін түсіндірген. 

Камаев егер әйелі дұрыс емес әрекет жасаса, күйеуі ескертуден бастау керегін айтты. 

«Егер ол түсінбесе, бірге жататын төсекті бөліңіз. Әйел онда да түсінбей, дұрыс емес әрекетін жалғастырып, шектен шықса ұруға болады”, – деді имам. 

Имамның айтуынша, әйел, ең алдымен, дұрыс емес нәрсе істеп жатқанын түсінуі керек. Мысалы, кішкентай таяқпен әйеліңізді абайлап бірнеше рет ұруға болады дейді. 

«Ұрғаныңыз әйеліңізге зиян тигізуі керек дегенді білдірмейді. Бұл жерде әйел адам өзінің дұрыс емес әрекет жасап жатқанын түсінуі керек. Мәселе адамды ұрып, көгерген із қалдыруда емес, оның артық кетіп бара жатқанын ақырын ескертуде», – дейді имам . 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: