Сенбі, 04 мамыр, 13:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Келешектің тұтқасы – білімді ұрпақта

02.02.2023

740 0

Балалардың білім деңгейін анықтай отырып, ой-өрісін, тіл  байлығын дамыту, білімділікке  баулу мақсатында №10 бөбекжай-балабақшасында тәрбиеші Айгерім Қалпиеваның ұйымдастыруымен «Келешектің тұтқасы – білімді ұрпақта» тақырыбында тәрбиеленушілердің қатысуымен білім сайысы өтті.

Онда жас бүлдіршіндер «Қызықты математика», «Ойнап өсте, ойлап өс», «Тамшылар», «Кубикпен ойын», «Алдардың бауырсағы» , «Жасырынған суретті тап», «Өмір қауіпсіздігі» тақырыптар аясында өзара бақтарын сынады.

Жарысқа Әлинұр Аманқос, Айбар Бегалы, Айназым Ұлық, Айсұлтан Оңғарбай, Нұримам Нұрасылұлы, Нұрислам Бақтиярұлы қатысып, өздеріне берілген тапсырма негізінде ойын өрнегін көрсетті.

Жас жеткіншектердің өнерін №10 бөбекжай-балабақша меңгерушісі Гүлжан Қуантаева, әдіскер Шаттық Қалпиева бағалап, барлық ережелерді жоғары деңгейде орындап шыққан балдырғандарға ризашылықтарын білдірді.

Сайыс қорытындысында барлық қатысушы балалар «Дарынды», «Тапқыр», «Озат», «Зерек», «Ақылды», «Ойшыл» аталымдары бойынша марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: