Дүйсенбі, 22 шiлде, 17:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Масаң күйде сахнаға шыққан әнші халықтың ашуына тиді

22.07.2024

149 0

Сурет: https://www.instagram.com/argonyaa/

Танымал әнші Argonya концертке қатысып, сахнаға мас күйінде шыққанына халық ашуланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Tik Tok желісінде Екібастұз қаласындағы концертте әншінің сахнада тұрып, балағат сөз айтқанын да тыңдарман қауым видеоға түсіріп алған. 

Желі қолданушылары оны бейәдеп сөздері үшін жауапқа тартуды сұрап отыр. 

Соңғы кезде өнер жұлдыздарының қоғамда тәртіпсіздік жасау белең алып тұр. Оны оқырман қауым да байқап, Мәдениет министрлігіне үндеу жасады. 

“Қайрат қанша жерден қамалса да, сахнаға мас болып шықпаған”, “Қамалатын күнің жақын”, “Шетелде бұл қалыпты жағдай болғанымен, қазақ қоғамы үшін ұят”, “Мынадай өнер адамдарын құрту керек”, “Осыларды көруге барған халық ақымақ”, “Сол қаланың маскүнем тұрғыны сияқты” “Мәдениет министрлігі қайда қарап отыр”, – деп жазып жатыр көпшілік. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: