Сәрсенбі, 01 мамыр, 11:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Күріш өндірушілерге қатысты айыппұлдар салынды

19.06.2023

706 0

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен Қызылорда облысы бойынша 6 ірі ақталған күріш өндіруші және көтерме саудада өткізуші нарық субъектілеріне қатысты тергеп-тексерулер жұмыстары жүргізілді.

Тергеп-тексеру нәтижесінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 170-бабына сәйкес аталған нарық субъектілерінің іс-әрекеттерінен, яғни ақталған күрішті көтерме сауда өткізу барысында бәсекелестікті қорғау саласындағы заңбұзушылық деректері анықталды.

Осыған орай, аталған субъектілерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар рәсімделіп, Қызылорда облысы Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандырылған сотына жолданды.

Нәтижесінде, соттың қаулыларына сәйкес жоғарыда көрсетілген нарық субъектілерінеҚазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзушылығын жасау бойынша кінәлі деп танылып, сот шешімімен жалпы 67 942 133теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Авторы: Мадиев Алмасхан. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: