Сенбі, 04 мамыр, 04:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандық саясаттанушы елді су басу кезіндегі биліктің жұмысын сынады

31.03.2024

425 0

Сурет:stan.kz

Саясаттанушы Қазбек Бейсебаев ең алдымен адам мен мүлікті қорғау басты міндет екенін еске салып, оқиғаға байланысты кінәлілерді анықтауды кейінге қалдыруды ұсынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазбек Бейсебаевтың сөзінше, ел топан судың астында қалған сәтте барлығы төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті биліктің жұмысына байланысты. Елдің көп шығынға ұшырағаны анық екенін жеткізген ол онымен күресу ұзаққа созылатынын айтады.

“Кезекті су тасқыны біздің биліктің табиғат құбылыстарына тағы да дайын еместігін көрсетті. Бұл туралы ұзақ айтуға болады. Дегенмен, ең бастысы, болған жағдайдың барлығы қалыптасқан басқару жүйесінің тиімсіздігін көрсетті. Біздің басқару жүйеміз төменгі органдар жоғары тұрған органдарға есеп беретіндей етіп жасалған. Осылай жалғасып келе жатқанына ұзақ уақыт болды. Сондықтан жолдар мен мектептер салынды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесі жөнделді, жылу магистральдары жаңартылды, көп нәрсе жасалып, жөнделді деп бізге үнемі айтып отырады. Бұл олардың билікке айтқаны, билік оларға сенетіндіктен қарапайым азаматтар да сенуге мәжбүр болады”, – дейді саясаттанушы.

Бейсебаев облыс әкімдерінің елордаға келіп, елордалық журналистерге табыстары туралы баяндауы сәнге айналғанына назар аударады. “Бұл қойылым жылдан жылға жалғаса береді” дейді ол. Жергілікті тұрғындардың әкімдерге ықпалы жоқ екенін атап өткен ол ауылдарда әкімдікке кандидаттар жоғарыдан келіп, облыс әкімдерін Астана тағайындайтынына назар аударады.

“Шешілуі тиіс бірінші кезектегі міндет – әкімдердің азаматтар алдындағы есеп беруі және әкімдердің қызметін бақылау. Бұл бағыттағы ең бірінші қадам мәслихаттардың рөлін арттыру болуы керек. Одан кейін әкімдерді сайлауға көшу. Яғни, әкімдер өз жұмысында басшыларға емес, өз аймағының немесе елді мекенінің тұрғындарын тыңдап, оларға есеп беруі керек. Мұндай тәртіп орнамайынша, әкімдер атқарған жұмыстары туралы “көңіл толарлық” есеп беруді жалғастыра береді. Бірақ бұл Конституцияға өзгерістер енгізуді талап етеді, яғни саяси реформалар”, – деп түсіндіреді ол.

Су тасқынына қатысты тоқталған Бейсебаев бір аптадан кейін су деңгейі төмендейтінін және биліктің “тез ұмытшақтығын” меңзеп келесі тасқынға дейін жылы жабылып қалады деп қауіптенеді.

“Сондықтан, су тартылған соң мемлекет барлық су ағынын қадағалауы қажет. Мұның бәрін дрондар арқылы жасауға болады және міндетті түрде жергілікті тұрғындардың пікірін білу керек. Содан кейін еріген суды жинау үшін су ағындары мен резервуарларды бұру үшін кейбір арналарды тұрғызу жұмысын бастауға тиіс. Бұл бюджеттен қаржы бөлуді ғана емес, жүйелі жұмысты талап етеді. Әр теңгеге қатаң бақылау болуы керек әйтпесе қылдай бөлініп кетеді. Міне, су тартылған соң, үкімет бірден осы бағытта әрекет етуі керек”, – дейді Қазбек Бейсебаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: