Жұма, 29 наурыз, 15:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 40 оқушыға 20 мың теңгеден көмек көрсетілді

31.08.2022

1180 0

«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жоба аясындағы дәстүрлі «Баланы мектепке даярлайық!» акциясына облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, партия белсендісі Бақдәулет Махашовта үлес қосты. Ол жалпы құны 800 мың теңгені құрайтын 40 сетификатты өңірдегі әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына табыстады.

Жалпы кәсіпкер қайырымды істерге белсенді атсалысады. Атап айтсақ, пандемия кезінде Бақдәулет Махашов басқаратын өңірдегі «Жан-Арай» ЖШС-гі 700 отбасыға азық-түлікпен қолдау көрсеткенін жергілікті жұртшылық жақсы біледі. Оған серіктестік 8 миллион теңге қаржы жұмсаған.Партия белсендісі бұл жолы да партия бастамасымен қолға алынған акцияға қолдау көрсетіп отыр.

«Жалпы бұл акцияға біздер бірнеше жылдан бері үлес қосып келеміз. Биыл да дәстүрлі түрде қатысып жатырмыз. Жылда мектептерге арнайы барып, балаларға мектепке қажетті құралдар толтырылған сөмкелер мен мектеп формаларын табыстайтынбыз. Биыл партияның қоғамдық қабылдауына азаматтардан түскен өтініштер бойынша Жаңақорған ауданында 20, қала орталығында 20 балаға қаржылай қолдау көрсетіп отырмыз. Баланың біліміне жұмсалған қаржының қайтарымы мол. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады. Балаларымыздың болашағы жарқын болсын. Зейіндері ашылсын»,- деді партия белсендісі.

Жалпы айта кетейік, «AMANAT» партиясының облыстық филиалы «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы аясында өңірдегі 1000-ға жуық оқушыны мектепке дайындауды жоспарлаған болатын. Бүгінге партия белсенділері, мәслихаттардағы фракция мүшелерінің қолдауымен 1650 балаға мектепке қажетті құралдар мен мектеп формалары табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: