Бейсенбі, 25 шiлде, 00:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

ТЖМ қызметкері пара алғаны үшін жұмысынан айырылды

24.07.2024

101 0

Сурет:Tengrinews.kz

Павлодарда ТЖМ қызметкері пара алғаны үшін жұмысынан айырылды. Оның қарамағындағы қызметкер де атқаратын лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы бойынша ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің бөлім басшысы сотталды. 

2024 жылғы 17 маусымда Павлодар қаласының № 2 сотының үкімімен ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің бөлім басшысы үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жалпы қамқорлығы үшін кәсіпорын басшысынан 1,3 миллион теңге көлемінде пара алды деп айыпталған.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 10-бабына сәйкес, мемлекеттік органдардың басшылары бағынысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алуға тиіс.

Осыған байланысты ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде енгізілген Павлодар облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы бойынша өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жоғарыда аталған департаменттің басшысы мен оның орынбасары атқаратын лауазымдарынан босатылды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: