Жексенбі, 05 мамыр, 08:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Футбол: «Қайсар» жаңа маусымға дайын ба?

30.01.2023

663 0

Қызылордалық «Қайсар» футбол командасы жаңа маусымға дайындықты Туркия еліндегі Анталья қаласында өткізуде. Сыр елінің намысын қорғайтын ұжым 8 кездесу өткізіп үлгерді.

Қасқырлардың осы жылы көксеген мақсаты премьер лигадағы орнын сақтап қалу. Еуропа додаларына қатысатын қазақстандық клубтарға жанкүйерлер үлкен сенім артады. Осы сәтте өңіріміздің мақтаныштары қайта ес жиса дейміз. Құрамды сапалы ойыншылармен жасақтап, ерекше ойын тәсілімен көпшіліктің көңілінен шықса, әр ойын сайын жеңіспен қуантса, жанкүйер үшін арман етер бақыт жоқ.

Қызылорда спортшылары кез келген шынығу түрінен жетістікке жетіп жүр. Дегенмен аяқдоп шеберлері соңғы жылдары ауыз толтырып айтатындай жетістікке қол жеткізбеді. Былтыр бірінші лигада 2-ші орын иеленді, команда аңызы Мақсат Байжановпен қоштасты. Бұл сәт қуаныштан гөрі,  қимастыққа ұқсас болды.

Биыл «Қайсардан» күтеріміз көп. Нағыз жанкүйерден сұрасаң, клубтың ең керемет кезін сөз етеді, дағдарыс тұсындағы қиындықты да естен шығармайды. Наурыз айынан бастап ел біріншілігі басталады. Осы кезде стадионға баратын жанкүйер саны көбейеді. Бірі шырылдап айқайға басады, екіншісі ұялы байланыс құралына бейнежазба жүктеп әлек болады.

Қазіргі таңда «Қайсар» футболшылары 3 күндік демалыста жүр. Оқу-жаттығу жиыны 31 қаңтар күні қайта жалғасын таппақ. Виктор Кумыков шәкірттері 18 ақпанға дейін жолдастық ойындар өткізеді. Алдағы уақытта бірқатар жаңа ойыншылар команда сапына қосылуы мүмкін. Бұл жайлы клуб басшылары кейін ресми хабар таратады, – делінген футбол командасының инстаграм әлеуметтік желідегі парақшасында.

Нұрдәурен ЖӘРДЕМХАН,

Қорқыт ата атындағы ҚУ 4 курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: