Сенбі, 07 желтоқсан, 20:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

МӘМС жүйесі арқылы ота жасалуда

29.04.2022

775 0

Кенеттен қайтыс болған жағдайлардың 70-80% қарыншалық тахиаритмия болап табылады. Бұл жылдам ырғақ (минутына 100-ден астам) жүректің тоқтауына әкелуі мүмкін. Осы жағдайда науқастарға автоматты кардиовертер-дефибрилляторды имплантациялау бойынша ота өту ұсынылады.

Байқоңыр қаласының тұрғыны, екінші топтағы мүгедек ұзақ жылдар бойы артериялық гипертензиямен аурады. 57 жастағы ер адамның жүрек ырғағының бұзылуынан тыныс алу, әлсіздік, аяқтарының ісінуі мазалайды. Үш жыл бұрын оған автоматты кардиовертер-дефибрилляторды имплантациялау ота жасалған. Осы жылдың ақпан айында науқасқа имплантантты ауыстыру тағайындалып, Қызылорда қаласындағы көпсалалы облыстық аурухананың кардиохирургтары жоспарлы отаны сәтті жасады.

Осындай жоспарлы ота Жалағаш ауданының жұмыссыз тұрғынына жүргізілді. 60 жастағы ер адам бұрын миокард инфарктімен ауырған және стенттеу жүргізілген. Биыл наурыз айында кардиохирургтер жаңа дефибрилляторды науқастың жүрегіне орнатты. Екі науқас толыққанды өмірге аман-есен оралды.

 «Жоғары технологиялық медициналық көмек диагностика мен емдеудің инновациялық, бірегей әдістерінің көмегімен көрсетіледі. Шұғыл жағдайларда ЖТМК – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады. Егер жоспарлы түрде болса, онда науқастың емделушінің мәртебесі «сақтандырылған» болуы тиіс. Бұл жағдайда медициналық қызметтерді МӘМС-тің активтері есебінен көрсетеді. Осы екі науқасқа да қымбат тұратын ота МӘМС жүйесі арқылы жасалды. Дефибриляторды имплантациялаудың құны 8,4 млн. теңге құрайды», – деді Қызылорда облысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының медициналық көмек сапасын бағалау және келісім-шарттық міндеттемелерді мониторинг жүргізу бөлімінің басшысы Гүлнар Кенжебаева.

ӘМСҚ филиалының маманы түсіндіргендей, науқастың диагнозы негізінде учаскелік дәрігер бейінді мамандардың кеңесіне жібереді. Егер хирургиялық араласу қажеттілігі расталса, онда МӘМС-те сақтандырылған науқасты жоспарлы емдеуге жатқызуға дайындай бастайды. Емхана осыған  қажетті талдауларды жинап, «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына орналастыруды жүргізеді.

ӘМСҚ филиалының деректері бойынша, былтыр 94 жоғары технологиялық ота жасалды. Оның көбісі медсақтандыру аясында. Бұл мақсатқа Әлеуметтік медсақтандыру қорынан шамамен 539,3 млн теңге бөлінді. Биылғы жылдың басынан Қор жалпы сомасы 85 млн.теңгені құрайтын 15 отаны қаржыландырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: