Дүйсенбі, 29 шiлде, 15:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59-2069
27.07.2024
PDF мұрағаты

«Бұл – менің соңғы Олимпиадам»: Ғұсман Қырғызбаев

29.07.2024

52 0

Сурет: ҰОК

Париж Олимпиадасында қола жүлде иеленген дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевтың бұл – соңғы жарысы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дзюдошы жеңісін кімге арнағанын айтты.

«Бұл – менің соңғы Олимпиадам. Мен 32 жастамын. Сондықтан осы олимпиадаға барымды салдым. 60 келі салмақта сегіз жыл күрестім, бірақ квотаны жеңіп көрмедім. Алл 66 келіге дейінгі салмақта жолдама ала алдым”, – деді Қырғызбаев.

Сөзінше, жартылай финалдағы қарсыласы басқаларынан айтарлықтай мықты болмады. Босаңсып кеттім дейді ол.

“Ал Ана Баулдан соңғы екі әлем чемпионатында жеңіліп қалдым. Мен Валид Хярден де жеңілдім. Мен бұған дейін испанды жеңген емеспін. Бүгін ең керемет күн болды десем артық емес”, – деді ол.

Сөзінше, қола медаль үшін күрескен сербиялық спортшы өте мықты болды. Оның бойы ұзын, сондықтан жеңуге оңайға соқпапты.

“Көптен күткен Олимпиада жүлдесі. Мен бұл жеңісімді еліме, ата-анама, әйеліме және балаларыма арнаймын», – деді Ғұсман.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: