Жұма, 19 сәуiр, 09:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Солтүстік Корея тыңшы спутниктерін сынақтан өткізді

19.12.2022

573 0

Солтүстік Корея әскери барлау спутнигін сынақтан өткізудің соңғы кезеңі аяқталғанын хабарлады. Елдің орталық телеграф агенттігінің мәліметінше, барлау спутнигін сынақтан өткізудің соңғы кезеңінде сурет және ақпарат жіберу мүмкіндігі тексерілген. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Спутниктің өзі 2023 жылдың сәуір айында толығымен аяқталуы тиіс.

Сонымен қатар, шамамен 500 км биікке көтерілген сынақ жерсерігі бар зымыран тасығыштың ұшырылғаны хабарланды.

Солтүстік Корея мамандары аспаптар жұмысын ғарышта тексеріп, спутниктік түсірілімдерді сынақтан өткізді.

Бір күн бұрын Оңтүстік Корея әскерилері Солтүстік Кореядағы Корей түбегінің шығыс жағалауынан Жапон теңізіне қарай екі баллистикалық зымыран ұшырылғанын хабарлады.

Болжам бойынша, осы типтегі зымырандар ядролық оқтұмсықтарды тасымалдай алады және Жапониядағы нысанаға жету үшін жеткілікті қашықтықтан өте алады.

Өз кезегінде Жапония қорғаныс министрінің орынбасары Тосиро Ино Солтүстік Кореяның қайта ұшырған баллистикалық зымырандары Жапонияның ерекше экономикалық аймағынан (ЕЭА) тыс жерге құлағанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, олар шамамен 550 шақырым биіктікте және кемінде 250 шақырым қашықтыққа ұшып келген.

Reuters хабарлауынша, Солтүстік Корея биыл бұрын-соңды болмаған зымырандарды ұшырған: Пхеньян жыл басынан бері 50-ден астам зымыран сынақтарын өткізді.

Бұған қоса, халықаралық оқшауланған Солтүстік Кореядағы авторитарлық режим 2017 жылдан бері алғаш рет ядролық сынақты қайтадан өткізуі мүмкін деген қорқыныш күшейе түсті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: