Жұма, 09 тамыз, 22:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№62-2072
06.08.2024
PDF мұрағаты

Прокуратура пробация есебіндегі сотталғандармен кездесті

09.08.2024

26 0

Бүгін Шиелі аудандық прокуратурасында пробациялық бақылаудағы азаматтармен кездесу өткізілді. Кездесу барысында есептегі тұлғаларға пробациялық бақылаудың мақсаты, мерзімдері, құқықтары мен міндеттері, жауапкершіліктері, заңдарда көзделген жеңілдіктер, жазаны өтеуді қаскөйлікпен бұзу түрлері, Қылмыстық кодекске жаңадан енген (108-1, 109-1, 121-1-баптар) қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да мағлұматтар назарларына ұсынылып, туындаған бірқатар сұрақтарға жауап берілді.
Шара соңында бақылаудағы азаматтарға аудандық прокуратурамен дайындалған арнайы жадынама таратылып, онда жазаны өтеумен байланысты туындауы мүмкін сұрақтарға жауап жазылғаны атап көрсетілді.
Шиелі аудандық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Қайрат Байкенжеевтің айтуынша қазіргі таңда проабция есебінде 70-ке жуық сотталған есепте тұр.Олармен тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Түсіндірме жұмыстарға қарамастан құқықбұзушылық жасағандар да кездеседі.Жыл басынан жаза өтеу дің міндеттерін орындамаған 3 азамат түзеу мекемесіне жіберілген,-дейді әділет подполковнигі Қайрат Байкенжеев

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: