Сейсенбі, 16 шiлде, 16:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Амандаспағаны үшін оқушы өз қатарласын ұрып өлтірген

30.05.2023

669 0

Батыс Қазақстан облысындағы Щапов ауылының мектеп оқушысы өз қатарласын ұрып өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, марқұм болған жеткіншек оған дұрыстап амандаспаған көрінеді. Бұған ашуланған жасөспірім бірден қол жұмсапты. Алған соққының ауыр болғаны соншалық, 9-кластың оқушысы Дияр Досқали тілге келмей көз жұмды.

Диястың айтуынша, ауыл балалары оларды оңаша жерге шақырыпты. Осыдан кейін сөзбен тиісіп, қол көтерген.

“Қасымдағы бір бөлем дұрыстап амандаспады деп 10-кластағыларға айтқан ғой мыналарды ұрыңдар, аналар дұрыстап амандаспайды деп. Сол үшін бізге келді. Мені, Диярды, сосын Айбол деген бөлемді ұрды. Мені ұрған 1-курстың студенті”, – дейді марқұмның туысы Дияс Досқали.

“Әңгіменің басы бізге келгенде неге ассалумағалейкум айтпадың дегендей сөзден басталған. Қатты соққының даусы естілді дейді. содан жүрелеп отырып, сосын шалқасынан құлаған. Кінәлау қиын, бірақ жаңағы соққы жасаған баланың сондайы барын там-тұмдап естиміз”, – дейді марқұмның туысы Махмұд Бекқұлов.

Қорғансыз балаларды осылай қорлағандар жерге құлаған Диярдың есін жиғызуға тырысады. Бірақ мұны үлкендерге айтпаған. Осы қарбалас кезде Диярды ұрған жасөспірім қашып кетіпті. Ал ата-анасына хабарласқанда бәрі кеш болды дейді туыстары.

“Бетіне су құйғанда мұрнына су кетіп қалып, тұншығып қалды ма, дұрыс көмек бермеген басында. Жазалануы керек бәрі! 7-8 бала болған ғой. Бірақ жіберіп тұрған баланың өзі болмаған. Өзі қазір телефонын алмайды, ештеме істемей отыр”, – дейді марқұмның туысы Салтанат Абаева.

Диярдың қайғыдан қан жұтқан туыстары істің әділ тергелуін талап етіп отыр. Өйткені әлімжеттік көрсеткен оқушылардың бірі – бұрын күреспен айналысқан, ал енді бірі – студент көрінеді. Ал мектептегілер шәкірттеріміздің бәрі де үлгілі деп ақталды.

Бүгінде полиция күдікті жасөспірімді ұстап, қамауға алған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

“Бұл жағдай сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Осы құқық бұзушылықты жасады деген күдік бойынша 2008 жылы туған кәмелетке толмаған Н. ұсталды, осы факті бойынша сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды”, – дейді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі Лунара Аманғалиева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: