Жұма, 03 мамыр, 05:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қоғамдық орындарда қорқор пайдалануға тыйым салынады

21.04.2023

703 0

Елімізде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске сәйкес көпшілік жиналатын қоғамдық орындарда, мәдени-спорттық іс-шаралар өтетін жерлерде қорқорды пайдалануға тыйым салынған. Дегенмен де соңғы уақытта тамақтану орындарында, түнгі клубтар мен барларда бұл өнім заңнамалық талаптарды сақтаусыз ашық пайдаланылуда. Кей тұрғындар қорқорды пайдалануға қойылатын талаптардан бейхабар. Темекі бұйымдарын тұтынуға қатысты арнайы санитариялық қағидалар бекітілген.

Бұл құжатқа сәйкес темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар заттарды тұтыну үшін арнайы үй-жайлар бөлек бөлінуі қажет. Ол орындар санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардан оқшаулануы керек. Арнайы бөлінген орындарда темекі бұйымдарын тұтыну кезінде бөлінетін ластануларды ішке сору-сыртқа тарату желдеткіш жүйе іске қосылған болуы тиіс. Ол орындарда сусындарды және тамақ ішуге жол берілмейді. Сондай-ақ, аталған бөлмелерге кіреберіс жерлерде темекі бұйымдарын тұтынудың денсаулыққа зияны туралы ақпарат ұсынылуы қажет.

Қорқорды пайдалануға қатысты өзге де санитариялық талаптар Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының бірлесіп ұйымдастыруымен өткен семинарда егжей-тегжейлі айтылды. Бұл семинарға қоғамдық тамақтану саласы бойынша кәсіпкерлер арнайы шақырылды.

Семинарда санитариялық қағидалармен қатар оларды бұзыған жағдайдағы жауапкершілік мәселелері, әкімшілік айыппұлдар, әкімшілік жазалар туралы түсіндірілді. Қорқорды пайдалану ережелері сақталмаған жағдайда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес белгіленген мөлшерде айыппұл салынады.

Әлия Әбдіқайымова,

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: