Жексенбі, 08 желтоқсан, 06:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Тынымсыз өткен түнгі рейд

09.04.2023

920 0

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі мен қалалық полиция басқармасының қатысуымен түнгі рейд ұйымдастырылды.

Рейдке Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы, білім беру ұйымдарының басшылары, тәрбие орынбасарлары және Қызылорда қаласы полиция Басқармасының жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімшесінің бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Л.Ахметова, Қызылорда қаласы полиция Басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі М.Жанұзақ қатысты.

Рейдтің мақсаты қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түңгі 23:00 ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын сауық орталықтарында жүруі бойынша тексеру.

Айта кетейік, кезекті рейд балалардың қауіпсіздігі үшін. «Тәртіпке бағынған құл болмайды». Сондықтан жет­­кіншектердің түнгі уақытта жалғыз өзі жүр­меуін ата-аналар қатаң қа­даға­лауы тиіс. Мұндай шара өзін-өзі қорғай алатындай жағдайға жете қоймаған жас­өспірімдерді әртүрлі заңбұзушылықтан сақтайтынын ес­тен шығармаған жөн.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: