Сәрсенбі, 14 тамыз, 22:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№64-2074
13.08.2024
PDF мұрағаты

Шакизаттың ерлігі

14.08.2024

10 0

Шакизат Оңдасынұлы Әлқуат – Байқоңыр қаласы №8 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы. Ол мұнда 2016 жылдан бері қызмет етіп келеді. Тек қана өрт сөндіру емес, авариялық-құтқару қызметімен де айналысады. Ол мол тәжірбиесінің арқасында адам өмірін аман алып қалған еді. Бүгінде білікті маман Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы медалімен марапатталды.

Оқиға 2024 жылдың 21 шілде күні Сырдария өзенінің жағалауында болған.
– Кезекті еңбек демалысымда Сырдария өзенінің жағалауында жеке шаруаларыммен жүр едім. Су жағасына демалуға келген бір топ адамды көріп, белгіленбеген орындарда суға түсуге тиым салынғанын және аса қауіпті екендігін ескерттім. Көп ұзамай өзен жағасынан жан ұшыра көмекке шақырған дауысты естіп, жедел құтқаруға ұмтылдым. Қыз баланың ағыспен суға батып бара жатқанын көріп, өз өміріме төніп тұрған қатерді қаперіме де алмадым. 22 жасар бойжеткенді жағаға шығарып, ажалдан аман алып қалдым. Жасаған көзсіз әрекетімді ерлік деп санамаймын. Ол – Отан алдындағы және адамзат алдындағы міндетім. Себебі, біздің әу бастан мамандығымыз «өрт сөндіруші-құтқарушы», – дейді кейіпкеріміз.
Шакизаттың бұл мамандыққа бала күннен аңсары ауған. Қазалы ауданында дүниеге келген Шакизат отбасында 2 баланы тәрбиелеп, өсіріп отырған үлгілі әке. Болашақта балалары да әке ізін жалғап, адам өмірін құтқарса екен дейді. Бала күннен форма киюді, адамдарға көмектесуді армандаған Шакизат әскерден келген бойдан азаматтық қорғау органдарында еңбек жолын бастаған. Өз арманынан бас тартпаған құтқарушы басқа мамандықта жұмыс істеп көрмеген және өзін басқа салада елестете алмайды екен. Адамдарға көмектесу, оларды құтқару нағыз ер азаматқа тән іс деп санайды.
Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов өрт сөндіруші-құтқарушы Шакизат Әлқуатты Сырдария өзенінде су айдынында қыздың өмірін құтқарғанына орай «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен наградтау туралы бұйрыққа қол қойды. Аталған медалді Шакизат Оңдасынұлына Қызылорда облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Нұрсұлтан Ибрагимов табыстады.

Марина САҒИДАТБЕК,
Қызылорда облысы «Төтенше жағдайлар департаменті «өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі Қоғаммен байланыс тобының баспасөз-хатшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: