Сенбі, 20 сәуiр, 10:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда Тұңғыш президент күнін алып тастау ұсынылды

07.09.2022

607 0

Парламент Мәжілісінің депутаттары Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке мәртебесінен айыруды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

7 қыркүйекте Мәжіліс отырысында қаралатын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында осындай тармақ бар.

«1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді, мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні сияқты атаулы күндерге және мемлекеттік мерекелер тізбесінен алып тастап, әлеуметтік маңызы жоғары, әлеуеті жоғары басқа да даталарға ұқсас етіп белгілеу ұсынылады», – делінген құжатта.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық Құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында депутаттар «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізді:

25 қазанды мемлекеттік мереке – Республика күні;

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде бекітілсін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: