Жексенбі, 13 қазан, 03:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81-2091
12.10.2024
PDF мұрағаты

Спортшылар жеңіліп қалса, «Алланың қалауымен» деуі дұрыс па? ҚМДБ маманы жауап берді

14.08.2024

174 0

Сурет: видео кадр

Спортшы жеңіліп қалса, «Алланың қалауы» деуі дұрыс па? Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының «Шариғат және Пәтуа» бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы «Жауабы бар» бағдарламасында жауап берді.

Елбек Тасболатұлы мұндай сөздің шариғатта дұрыс та, теріс те ұғымы бар екенін ескертті.

«Алланың қалауы», «Шүкір», «Тәуекел» деген ұғымдар тағдырға қатысты болғандықтан, оның шариғат қызықтырған дұрыс ұғымы да және шариғат тыйым салған теріс ұғымы да бар. Теріс ұғымы деген қалай? «Тәуекел», «Алланың қалауы» дегенде бір адам себептерін жасаған жоқ. Мысалы, спортқа салыстыратын болсақ, спортшы себебін, дайындығын дұрыс жасаған жоқ. Жеңіліп қалды да, сылтауратып, «Алланың қалауы» дей салды. Бұл – теріс ұғым. Егер сылтау айту мақсатында болса, өзінен жауапкершілікті ысырып тастау мақсатында айтса, онда бұл дұрыс емес деп есептелінеді. Сондықтан Абай атамыз айтады: «Кедейлікті жаратқан Алла, бірақ кедей қылған Алла емес». Пайғамбарымыз «Түйеңді байла да, сосын тәуекел ет» дейді. Демек, сылтау мағынасында болса, бұл – дұрыс емес. Адам өз жауапкершілігін өзі көтеруі керек», – дейді маман.

Сондай-ақ маман спортшыларды бірден айыптау дұрыс емес екенін айтты.

«Спортшы жаттығуын, дайындығын, бәрін жасады. Толық дайын екенін, жауапкершілікті сезініп жарысқа барды, бірақ бағы шаппай, жеңіліп қалды. Сол кезде оның «Аллаға шүкір», «Алланың қалауы» деуі – бұл дініміз қызықтырған сөз. Дегенмен, «Алланың қалауы» деген спортшыны бірден айыптау дұрыс емес. Оның дайындығы қалай болды? Жауапкершілікті сезіне алды ма? Соған байланысты. Мұсылманға бірден жаман ойлау жаман нәрсе. Біз де жаңалықты көріп жатырмыз. «Алланың қалауы» деген сөзді тәңіршілдер, исламофобтар жамандыққа балап, жаман ұғымдағы сөз мағынасында қарастырып жатыр», – дейді Елбек Тасболатұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: