Бейсенбі, 25 сәуiр, 17:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Алтынбек Сәрсенбайұлының есімі Алматыдағы көшелердің біріне берілмек

29.08.2022

571 0

Алматы мен елорда көшелерінің біріне белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының аты берілуі мүмкін. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алтынбек Сәрсенбайұлының есіміне көше аты берілуі мүмкін деген жаңалықты Бірінші арна Іnstagram-дағы парақшасында жазды. Онда қуанышты жаңалықты белгілі журналист Сағатбек Медеубекұлы жазды деген. Яғни өнертанушы сауалына әкімдіктен жауап келіпті.

“Астана мен Алматыдағы көшелерге Алтынбек Сәрсенбайұлының аты берілуі мүмкін. Бұл туралы белгілі журналист, публицист, өнер зерттеушісі Сағатбек Медеубекұлы хабарлады”, — деп жазылған ақпаратта.

Алтынбек Сәрсенбайұлы — 1962 жылы 12 қыркүйекте Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, журналист.

Көзі тірісінде Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Ақпарат және қоғамдық келісім министрі болды. Сонымен қатар «Ақ жол» саяси партиясының негізін қалаушылардың бірі.

Бірақ 2006 жылы ақпан айында Алтынбек Сәрсенбайұлын екі көмекшісімен бірге ұрлап әкетіп, атып өлтірді. Қылмысқа Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Арыстан» тобының офицерлері қатысқаны анықталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: