Бейсенбі, 22 тамыз, 14:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№66-2076
20.08.2024
PDF мұрағаты

Қазақстаннан әлем елдеріне ашылатын жаңа әуе рейстері анықталды

21.08.2024

161 0

ҚР Көлік министрлігі жақын арада қай бағыттарда халықаралық жаңа авиарейстер ашылатынын мәлім етті.

«Биылғы қыркүйек айынан бастап «Эйр Астана» әуекомпаниясы А-320 типті ұшағымен «Шымкент-Джидда» бағыты бойынша аптасына 2 рет (сейсенбі, жұма) жиілікпен тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, 1 қарашадан бастап «SCAT» әуекомпаниясы «Шымкент – Сиань» бағытында рейстерді бастайды», – делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Бұдан басқа, 2024 жылғы желтоқсаннан бастап «Эйр Астана» әуекомпаниясы «Алматы – Куала-Лумпур» бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен Малайзияға тікелей жолаушылар рейстерін қайта бастау мәселесін қарастырып жатыр.

«Сондай-ақ, орта мерзімді перспективада Токио мен Нью-Йорк қалаларына рейстерді іске қосу жоспарланған», – деп нақтылады ведомство.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: