Сенбі, 25 мамыр, 01:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 – 2051
25.05.2024
PDF мұрағаты

Тергеу мекемесінің тылмен қамтамасыз ету бөлімі қандай жұмыстар атқарады

27.07.2023

228 0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі депортаментіне қарасты №68 тергеу мекемесінің Тылмен қамтамасыз ету бөлімінің жұмысы қашанда болсын қарбалас. Себебі, мекеменің тыныс тіршілігі осы бөлімге тікелей байланысты. Мекемеде сотталған азаматтарды киім-кешекпен, жылумен, дәрі-дәрмектермен және басқа да заттармен қамтамасыз ету бөлім қызметкерлерінің басты міндеті.

Тыл бөлімі ҚР Үкіметінің 2014 ж 28 қаршадағы №1255 қаулысын басшылыққа ала отырып, сотталған азаматтар мен тергеуде отырған азаматтарды арнайы төсек-орын мен арнайы тамақтану, киіну, жеке басқа қажетті заттарды үйлестіру және басқада нормалар бойынша қамтасыз етеді.  Сотталған азаматтардың барлығы арнайы камералық жүйемен ұсталады. Қызметкерлер камера арқылы бақылап отырады. Және де камераларда жылу жүйесімен жабдықталған, электр жарығы берілген.  Сондай-ақ, мекемеде санитарлық-гигиеналық талаптар сақталған.

  • Мекемеде сотталған азаматтардың тұрмыстық жағдайлары күн тәртібінен түспейтін мәселелердің бірі. Өйткені мұнда, келгендердің әрқайсысына тұрмыстық қажетті заттар, жеке төсек орындар, матрас, жастық және жапқыш жеке кереуеттер беріліп, жаймалары апта сайын ауыстырып, жаңартылып отырады. Аптасына 1 рет моншаға түсіп, шаш, сақал мұрттары алынып, сырт келбеттерінің жинақы ұсталынуына жағдай жасалынған,- дейді Тылмен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Асқар Стамшаев.

Сондай-ақ, тергеу мекемесінде азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейі жоғары. Тұтқында отырған барлық азаматтарға 3 мезгіл 1-2 деңгейдегі ас мәзірі ұсынылған. Құрамында иммунитетті көтеру мақсатында дәрумені мол тағамдар дайындалады.

  • ҚР ҚК-нің 297 бабы бойынша айып тағылып, жазамды өтеп жатқаныма 2 жылдан аса уақыт болды. Мекеме тарапынан берілетін тағамдардың дәмдері ерекші әрі құнарлы. Ыстық тағамдарға сиыр, тауық еттері үздіксіз қосылады. Бұл тағамдардан бөлек, балық пен сүт өнімдерін және жұмыртқа, кофе мен кампот, сонымен қатар жеміс жидектерде күнделікті берліп тұрады- дейді, жазасын өтеуші азамат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: