Жексенбі, 01 қыркүйек, 20:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№69-2079
30.08.2024
PDF мұрағаты

«Кейбір дүниелерді кешіруге болмайды»: Айсәуле Бақытбек

01.09.2024

104 0

Фото: instagram/aissaulebakytbek

Танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзованың қызы, актриса Айсәуле Бақытбек әкесімен қарым-қатынасы туралы айтып, ел аузындағы қате пікірлерге қатысты жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Айсәуле Бақытбек Instagram-парақшасында оқырманының сұрағына жауап беріп, әкесімен қарым-қатынасы туралы айтты.

«Мен сурет жарияладым, бірақ маған «жарайсың, араласқаның жақсы», «қандай керемет адам» деген және т.б. пікірлер жұмсартып айтқанда, ұнамайды», – деп жазды актриса.

Оның айтуынша, бұл мүлде қате пікір. 

«Оның істегенін ақтау мүмкін емес. Ешқандай жағдайда. Бұл сурет және біздің араласатынымыз, оны аз да болса түсінетінімді немесе ақтағым келетінін білдірмейді. Бұл олай емес.

Бұл қарым-қатынасты ұстау маған оңай емес, көп еңбек пен күш-жігерді қажет етеді. Оны ол тіпті білмеуі де мүмкін. Мен кейбір дүниелерді кешіруге болмайтынына сенемін. Бірақ оған қоса, мен сол адамның арқасында осы өмірде бар екенімді білемін. Сондай-ақ әкем маған көп жылдар бойы өте жақсы әке болды.

Иә, адам қорқынышты әрекеттерден кейін де балалары және немерелерімен сөйлесуге құқылы. Өйткені бұл өмір. Ал өмірдің қыры шексіз көп. Сіздердің көпшілігіңіз менің өмірімнің қыр-сырын және менің әрекеттерімді түсіне алмайсыздар. Мен де сіздерді түсіне алмайтыным сияқты», – деп жазды Айсәуле Бақытбек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: