Жексенбі, 08 желтоқсан, 01:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Тұрғын үй нарығында сұраныс азайды ма?

31.05.2022

978 0

Ел бойынша құрылысшылар тұрғын үй нарығындағы дағдарысқа алаңдаулы. Бағаның негізсіз қымбаттауы құрылысшыларға оңай соқпасы анық. Тұрғын үй нарығында баға неге шарықтап кетті? Құрылысшылардың пікірінше, тұрғын үй құрылысының өзіндік құнының қымбаттауы бағаның өсуіне әкелген. Яғни құрылыс материалдарының қымбаттауы, қол еңбегінің қымбат болуы тұрғын үй нарығында бағаның шарықтауына әсер еткен. Ал құрылыс саласына жауапты мекемелер құрылыс материалдары бағасының қымбаттағанын, алайда құрылыс компаниялары дабыл қағатындай емес екенін алға тартады. Мәселен, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми зерттеу және жобалау институтының мәліметінше, тұрғын үйдің өзіндік құнында арматураның үлесі – 8-10 процент, цементтің үлесі 4 проценттен аспайды. Өткен жылы құрылыс компаниялары құрылыс материалдарының қымбаттауын негізге ала отырып, тұрғын үй бағасын қайта қарауды ұсынған. Осы жылы Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігі тұрғын үй нарығындағы бағаға мониторинг жүргізу нәтижесінде құрылыс компаниялары тарапынан бағаны негізсіз өсіру жағдайларын анықтап, тіпті кейбір құрылыс компанияларына тиісті шара қолданған.

Құрылысшылардың пікірінше, ипо­текалық бағдарламалар да, зей­нет­ақы қорындағы ақшаны тұрғын үй алуға жұмсау жайы да тұрғын үй бағасының өсуіне әсер ететін фактор емес. Сондықтан мемлекет тұрғын үй саласына қаражат салуды тоқтатпауы тиіс. Қазақстан құрылысшылар одағы­ның төрағасы Талғат Ерғалиевтің пікірінше, зей­нетақы қорындағы ақша­ның бір бөлігін тұрғын үйге жұмсау бағаны қымбаттатуға әсер етпеген болу керек. Дегенмен дәл қазір зейнетақы қоры арқылы үй алу болмаса да құрылыс материалдары қымбаттау үстінде. Құрылысшылар одағы мер­зімі аяқталып жатқан ипо­текалық бағдарламаларды сақтап қалуды және мемлекеттік субсидиялау ар­қылы төмен пайыздағы ипотекалық бағдарламалар шыққанын қалайды. Бір сөзбен айтқанда, құрылыс компания­лары мемлекеттен төмен пайыздық несие бағдарламалары, субсидиялау, қаржылық қолдау се­кілді мемлекет қолдауын күтеді.

Соңғы бесжылдықта  елдегі тұрғын үй нарығы сұраныс пен ұсынысқа толы болды. Ипотекалық бағдарламалар, мемлекеттік субсидиялау, зейнетақы қорындағы ақшаның тұрғын үй алу­ға бөлінуі тұрғын үйге сұранысты екі есеге арттырды. Мұнымен қоса баға да өсті. Сандарды сөйлетсек, 2017-2019 жылдары сату-сатып алу келісімшартының саны 2019-2021 жылдарда екі есеге өсті. Ал тұрғын үй бағысы 65 процентке өскен. 2022 жылдың көктемінен бастап ипотекалық бағдарламалар, зейнетақы қорындағы ақшаны тұрғын үй алуға жұмсау секілді қарқынды қозғалыс бәсең тартты. Құрылыс материалдарының қымбаттауы мен сұраныстың азаюы құрылыс компаниялары үшін оңайға соқпайтын тәрізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: