Сенбі, 07 желтоқсан, 22:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 7 және 15 қабатты тұрғын үйлер салынады

27.05.2022

1311 0

Биыл Қызылорда өңірінде жаңа құрылыс нысандары ел игілігіне беріледі. Оның ішінде қызылордалықтар үшін жаңа үлгідегі баспаналар салына бастайды. Жыл аяғына дейін СПМК-70 мөлтек ауданында 500 отбасыға арналған тұрғын үйлер табысталады.

Облыс әкімі құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйлерді бағамдап, мердігер компания өкілдерімен кездесті.
Құрылысы өткен жылдың қаңтар айында басталған 10 несиелік тұрғын үйдің жалпы аумағы 3 мыңнан астам шаршы метрді құрайды.

Облыс әкімі құрылыс жұмыстары сапалы әрі мерзімінде орындалуы қажет екенін баса айтып, бірқатар тапсырмалар берді.
«Алдағы уақытта құрылысқа үлкен көңіл бөлінеді. Республикалық, облыстық бюджеттен қаражат қарап, инвесторларды тартамыз. Жақында еліміздегі үлкен компаниялардың бірі – «Orda Invest» өкілдері келіп, жаңадан биік үйлерді тұрғызу туралы ұсыныспен шықты. Жоба мақұлданып, құрылысқа жер бөлінді, қазіргі уақытта жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Жыл аяғына дейін кем дегенде 14-15 қабатты тұрғын үй тұрғызылады. Мұнан бөлек, сол жағалау бойынан 7 қабатты жаңа үйлердің құрылысын бастаймыз.

Жалпы өңірде салынатын әрбір нысан бұдан-былай арнайы кеңесте қаралып барып, орындалады,-деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Айта кетейік, биыл аймақта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1294 пәтерлік 31 тұрғын үй құрылысын жүргізіп, жыл аяғына дейін 1244 пәтерді құрайтын 30 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Қызылордада 7 және 15 қабатты тұрғын үйлер салынады
Қызылордада 7 және 15 қабатты тұрғын үйлер салынады

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: