Сенбі, 07 қыркүйек, 04:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№71 (2081)
07.09.2024
PDF мұрағаты

«Жігіті бензин шашып, өртеген»: Олимпиада ойындарына қатысқан спортшы көз жұмды

06.09.2024

206 0

Фото: Gladys Chai von der Laage/Chai v.d. Laage

Олимпиада ойындарынан оралған угандалық жеңіл атлет Ребекка Чептегейдің үстіне бензин шашып, өрт қойды. Спортшы бірнеше күннен соң ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы  BBC  хабарлайды. 

Кенияның солтүстік-батысындағы жергілікті биліктің мәліметінше, Ребекка Чептегей шіркеуден үйіне жеткенде оған қастандық жасалған. Спортшының бұрынғы жігітімен жер үшін жанжалдасып қалғаны белгілі болды. Чептегей Уганда шекарасына жақын жерден жер алып, үй салған екен. Бұрынғы жігіті жанжалдан кейін спортшының үстіне бензин құйып, өртеп жіберген. Көршілер отты сөндіріп үлгерген. Алайда әйелдің денесінің көп бөлігі күйіп қалған. 

Араға бірнеше күн өткен соң спортшы ауыр жарақат салдарынан ауруханада қайтыс болды.

“Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған Ребекка Чептегей бүгін таңертең қайтыс болды. Федерация ретінде мұндай әрекет жазасыз қалмауы керек деп есептейміз. Сондай-ақ әділдік орнауы керек. Марқұмның жаны жай тапсын”, – деп жазды Уганда Жеңіл атлетика федерациясы Х әлеуметтік желісінде. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: