Жұма, 26 сәуiр, 07:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев министр Саясат Нұрбекпен бірге университеттің оқытушы-ғалымдарымен кездесті

04.12.2022

532 0

Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Сыр еліне жұмыс сапарымен келген ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен бірге Қорқыт ата университетінің 85 жылдық мерейтойына арналған кездесулерге қатысты.

Кездесу барысы алдымен университеттің №5 оқу ғимаратынан басталды. Онда оқытушы-ғалым, профессорлармен кездесіп, оқу орнының ғылыми-инновациялық жетістіктерімен танысты. Аймақ басшысы  Нұрлыбек Нәлібаев 85 жылдық тамырлы тарихы бар университеттің кәсіби маман даярлаудағы әлеуеті зор екенін тілге тиек етіп, ғылымға бетбұрыс жасаған жастарға әрдайым қолдау болатынын жеткізді.

– Бүгінгі күні өңіріміздің маңдайалды университеті еліміз үшін сұранысқа сай мамандардың мыңдаған легін даярлап, ұлттық кадрлар қалыптастыруда. Білім ордасының түлектері егемен еліміздің түкпір-түкпірінде сан-салалы қызметте абыройлы еңбек етуде. Олардың арасында мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, ғалымдар, өнер және мәдениет майталмандары, ғылым мен спорт саңлақтары, ірі бизнес өкілдері бар.Жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыру мақсатында археологиялық және аграрлық сала жобалары қолдау тауып келеді. Келешекте бюджет есебінен қаржыландырылатын экономика салалары бойынша мамандық санын көбейтуді жоспарлап отырмыз.Аграрлық аймақтан өндірісті өңірге айналған Сыр елінің игі мақсаттарды жүзеге асырып, өсу жолында университет инновациялық дамудың драйверіне айналуы қажет, – деді Н.Нәлібаев.

Басқосу барысында министр Саясат Нұрбек жоғары оқу орындарында маман даярлау ерекшеліктерімен бөлісіп, келешекте өңірлік университеттерді қолдау аясы кеңейетінін тілге тиек етті. Сондай-ақ,  ғылыми мүмкіндіктерді дамыту мәселелерін қозғады. Кездесуден кейін облыс әкімі мен министрмен бірге «Жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту: болашағы мен мүмкіндіктері», «Өңірлік университеттер – 2032: адами капитал және ғылым» атты форсайт-сессияларға қатысты. Әрі қарай «Физика-химиялық талдау әдістері инженерлік бейіндегі» зертхана жұмысымен танысып, жас ғалымдармен ой алмасты.

Министр Сыр еліне сапары барысында тұрғындармен кездесіп,олардың  сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ, «Open spaсе» заманауи үлгідегі кітапхана және сирек кітаптар қорымен танысып, білім, ғылым, өнер, спорт саласындағы жеңімпаз жастармен жүздесті.

Бұдан соң министр университеттің 85 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысады деп жоспарлануда. Еске салайық, соңғы 3 жылда аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын, өңірге қажетті мамандықтар бойынша халықтың әлеуметтік осал тобынан шыққан студенттерге 360 облыс әкімінің гранты тағайындалды. Бөлінген гранттардың 216-сы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне тиесілі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: