Жұма, 19 сәуiр, 01:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Мараттың «Мәңгілік қозғалтқыш» құрылғысы

29.11.2022

1112 0

Қызылордалық өнертапқыш Марат Палмахов экологиялық тиімді «Мәңгілік қозғалтқыш" құрылғысын ойлап тапты. Қарапайым құралдардан құрастырылған құрылғының пайдасы орасан зор. Өнертапқыш бүгінде туындысын патенттеген. Енді қолданысқа енгізу үшін қолдау керегін айтады. 
– Бұл өздігінен электр және сумен қамтамасыз ететін автономды генератор. Қолданылуы өте оңай, шығыны аз. Мұны өнеркәсіпте, фазендаларда, омартада, фермерлік шаруашылықта пайдалануға болады. Генератор экологиялық материалдардан жасалғандықтан қоршаған ортаға зияны жоқ. Сондай-ақ, қуат көзі ретінде желді де, суды да, электр энергиясын не отынды да қажет етпейді, – дейді өнертпақыш. 
Мараттың жобасына қызығушылық танытқандар  бар екен. Еліміздегі ірі жоғарғы оқу орнынан ұсыныста түскен екен. Бір қызығы, генератор өздігінен жұмыс істейді. Тіпті, ірі қалалардағы экологиялық  жағдайды жақсартуға да болады екен. Құрылғымен өндіріс ошақтарын электр қуатымен қамтамасыз етуге де болатын көрінеді.
– Жобаны жасауға бес жылдан аса уақыт жұмсадым. Су арқылы қуат өндірілетін бұл генераторды құрастыру оңай болған жоқ. Бірнеше мәрте құрастырылып, кей жері түзетілді. Осылайша бала кезден арман болған тағы бір жобам жүзеге асты. Құрылғы бір мезетте екі түрлі қызметті қатар атқарады. Онымен алыс елдімекендерді электр қуатымен қамтамасыз етуге, егіс алқаптарын суаруға болады. Оған су көзі болса болды. Қалыпты қысыммен айналып тұрады, - дейді Марат Палмахов.
Өнертапқыш бұдан бұрын ірі қалаларды түтіннен тазартуға арналған құрылғы жасаған екен. Оны көпқабатты үйлердің төбесіне орналастырып, ауаны сүзгіден өткізуге болады. Соның арқасында мәселен, Алматы қаласын 2-3 жыл көлемінде түтіннен толықтай тазартуға мүмкіндік бар. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: