Дүйсенбі, 30 қыркүйек, 16:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№77-2087
28.09.2024
PDF мұрағаты

Таиланд Қазақстанда зауыт ашпақ

30.09.2024

93 0

Фото: pixabay.com

Инвестор ретінде таиландтық Sea Value Plc компаниясы жобаны 2025 жылы Алматы облысында іске қосу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, шикізатты Қазақстан мен Ресейдің балық шаруашылықтары жеткізеді. Өндірістің қуаты күніне 3-5 тонна балық өнімін құрайды. Дайын өнім Таиландқа және басқа елдерге экспортталады. Келешекте компания Қазақстан аумағында өндірілетін өнім түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр. Соның ішінде үй жануарларына арналған азық, тауық протеині, тауықтан және балықтан жасалған мұздатылған жартылай фабрикаттар, фисташкалы және бадам сүті және тағы басқалары бар.

Сондай-ақ компания қазақстандық дистрибьютормен серіктестікте Алматы облысында аймақтық логистикалық хаб құру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Хаб ЕАЭО және Орталық Азия нарықтарына өнімдерді импорттау, сақтау және таратуға арналған.

Бұл кәсіпорын – Таиландтағы консервіленген тунец өндіретін екінші ірі өндіруші, өз өнімін әлемнің 150 еліне экспорттайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: