Жұма, 03 мамыр, 05:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Сотталушы тергеу мекемесінің қызметкеріне алғыс білдірді

08.01.2024

225 0

Сурет: pravmir.ru

«Ұлу» жылы тергеу мекемесі үшін жағымды жаңалықтармен басталды. Себебі, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеуші «А» есімді азаматша мекеме басшылығы мен қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.

         Сотталған азаматша ҚР ҚК-ның 190 бабы 3 бөлігі бойынша 1 жыл 7 ай көлемінде бас бостандығынан айырылған. Жазасын өтеу барасында мекеме қызметкерлерінің өзіне жылы қабақ танытып, жоғарғы білімді азаматтардың қызмет етіп жатқандығын, сондай-ақ, мекемеде жазасын өтеп жатқан әрбір сотталған азаматтарға қамқорлық танытатынын жеткізді. Яғни жедел бөлім қызметкерлеріне, бөлім бастығы әділет подполковнигі Сейдахметов Өмірзақ пен әділет майоры Есжанов Құттыбекке, әділет капитаны Байдүсен Бекнұрға, әділет аға лейтенанты Бекназаров Жандосқа және т.б мекеменің бірнеше жеке құрам қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.

         Сонымен қатар, мекемеде жазасын өтеп жатқан әрбір азаматтарды жеке қабылдап, арнайы уақыттарын бөліп, қамқорлық таныта білген мекеме бастығы әділет майоры Ильясов Қайырбек Есентайұлы мен мекеме бастығының орынбасары Әмірбек Азамат Темірбекұлына өзіне деген  ұқыптылығы мен жылы көзқарасын білдіре алғаны үшін ерекше алғысын білдірді.

         Бұл алғыс білдіруші қызметкерлердің арасында мекеменің дәрігер мамандары мен теолог мамандары да ұмыт болмады. Денсаулық жағдайына байланысты біраз өзгерістердің болғанын және бұл кезеңдерде мекеменің дәрігер мамандарының біліктілігімен өз денсаулық жағдайын ретке келтіргенінде ашып айтты. Теолог мамандарының нұсқаулығы мен мекемнің ішкі күн тәртібіне кедергі келтірмей намаз оқуды үйренгендігін және жаны сүйетіндігін жеткізді. Психолог мамандарына апта сайын жеке қабылдауында өтіп, жанының олардың моральдық және психологиялық көп көмек бергенін айтып барша мекеменің жеке құрам қызметкерлеріне өмірін оң бағытқа өзгертуге мүмкіншілік бергеніне және көмектесе алғандығы үшін шексіз алғысын білдірді.

Мөлдір Жолдасбекқызы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: