Дүйсенбі, 30 қыркүйек, 20:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№77-2087
28.09.2024
PDF мұрағаты

Мұғалім 6 сынып оқушысын ұрып-соққан

30.09.2024

117 0

Фото видеокадрдан скриншот жасалған

Ташкентте сот орыс тілінде сабақ өткізу туралы өтініш айтқан 6-сынып оқушысын ұрып-соққан мұғалім Озода Равшанованы жазалады. Бұл туралы Gazeta.uz порталы хабарлайды.

Деректерге сенсек, сот оны балаға тіл тигізу және қасақана жеңіл дене жарақатын салу бойынша әкімшілік баптармен кінәлі деп таныды.

Соттың шешімінде бірнеше құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолдану туралы бап ескеріліп, жауапкерге әкімшілік жаза түріндегі қатаңырақ жаза тағайындалды. 

«Мемлекет пайдасына 6,8 миллион сум (шамамен 254 788 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Қазір әйел қызын оқытатын мектептің орынбасар директорын ұрып-соққан іс бойынша және ұстауға келген құқық қорғаушыларға қарсы күш қолданғаны үшін қамақта отыр», – делінген сот хабарламасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: