Жұма, 26 сәуiр, 22:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Бүгін «Бәрін өзгерткен Қаңтар» фильмінің тұсауы кесіледі

04.01.2023

525 0

Бүгін Jibek Joly телеарнасында ҚР Президентінің телерадиокешені түсірген «Бәрін өзгерткен Қаңтар» (Қаңтар, который всё изменил) атты деректі фильмнің тұсауы кесіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Деректі фильм авторлары қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде бандиттердің арам ойы неге іске аспай қалды, қорқыныш аурасы, хаос және шарасыздық туралы баяндап береді.

Фото: Cronos.Asia

Фильмнің басты кейіпкерлері – бұзақылық кезінде елді қорғаған қазақстандықтар. Қарапайым азаматтар туып-өскен атамекенін қорғап жүріп ерлік көрсетті.

Сондай-ақ, деректі фильмде Қаңтар оқиғасына қатысты бұрын-соңды айтылмаған фактілер мен қатысушылардан алынған эксклюзивті сұхбаттар ұсынылады.

Фото: Cronos.Asia

Қаңтар оқиғасы мемлекеттік төңкерістің сәтсіз әрекеті ғана емес, Қазақстан тарихындағы ең ірі лаңкестік шабуыл болды. Оқиға салдарынан 238 адам қаза тапты. https://vk.com/video_ext.php?oid=-166484109&id=456240034&hash=7aeb3f3648598690

Оның қатарында тұрғындармен қоса, полицейлер, әскери қызметкерлер бар.

Қаңтар оқиғасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істер әлі де қаралып жатыр. Кейбір қатысушыларға Мемлекет басшысы рақымшылық жариялады.

Jibek Joly телеарнасының эфирінде «Бәрін өзгерткен Қаңтар» деректі фильмінің тұсаукесері Астана уақыты бойынша сағат 20:30-да болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: