Сейсенбі, 01 қазан, 20:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78-2088
01.10.2024
PDF мұрағаты

Әлем чемпионатының жүлдегерін бір топ адам соққыға жығып, пышақ сұққан

01.10.2024

124 0

Фото: Видеодан скрин

Алматыда дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері Дамир Исахановқа бір топ адам шабуыл жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еgovpress Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Пышақ соққыларының бірі спортышының жүрек аймағына тиген. Бақытымызға орай, спортшы аман қалды.

Ал Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. 

«Аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген полиция хабарламасында. 

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, басшылық тергеу барысын жіті қадағалап отыр.

Дамир Исаханов – Қазақстанның спорт шебері. Дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионы, жастар арасындағы әлем чемпионатының қатысушысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: