Сенбі, 20 сәуiр, 04:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Шекарада жыл басынан бері заңсыздық деректері тіркелген жоқ

18.08.2022

768 0

Биыл Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылғанына 30 жыл толды. 18 шілде – қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін күзетіп, бейбітшіліктің кепілі жолында қызмет етіп келе жатқан шекарашылардың төл мерекесі. Осы ретте өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік шекараны күзету бөлімінің аға офицері, майор Азамат Құмарбектің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

«Шекара қызметі құрылғалы салада көптеген жақсы өзгерістер болды. Еліміз тәуелсіздік алған жылдармен салыстырғанда қызмет көрсету тұрғысынан бастап, шекарашылардың әлеуметтік тұрғыдағы жағдайлары да біршама жақсы қалыпқа түсті. Бүгінде Қызылорда облысы аумағындағы шекара бекетінің аумағы барлығы 740-745 шақырымды қамтиды. 2021 жылдан бастап облыс аумағында атаулы шекара бекеттері орнатылған. Онда функционалдық қызметті жүзеге асыру үшін жаңа технологиялық құрал-жабдықтар қолданылады. Орнатылған камералардың көмегімен күніне 250-ге жуық фото-видео айғақтар бақылау пунктіне жіберіліп отырады. Осындай қырағылық пен күзет деңгейі қауіпсіздігі жоғары болғандықтан жыл басынан бері шекара аумағында ешқандай заңсыздық деректері анықталған жоқ», – деді Азамат Құмарбек.

Сондай-ақ, шекара бөлімшесінде қызметкерлер сырттан келетін көліктерді қатаң бақылауға алып, аймақ тыныштығын қамтамасыз етіп отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: