Жұма, 19 сәуiр, 14:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Жамбыл облысында әскердегі сарбаз асулы күйінде табылды

22.08.2022

812 0

Жамбыл облысында тағы бір жауынгердің денесі табылды. Оқиға 19 тамызда болған. Бұл жөнінде белсенді Бибігүл Рамазанның Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Биыл көктемде әскерге шақырылған 18 жастағы Бекбол Мираш Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында туып өскен.

Сол жерден әскерге шақырылған. 

Қоғам қайраткері Бибігүл Рамазан 19 тамыз күні сағат 21:40-та сарбаздарды сапқа тұрғызу үшін жинағаны, Бекбол Мираштың келмегені айтылған құжат жариялады. 

Сондай-ақ, Бекбол Мирашты іздеуге қатардағы жауынгер жіберілгені, ол он минуттан кейін жігітті «асылған күйі» тапқаны жазылған. 

Марқұмның туыстары Бекбол Мираштың мерт болғанын растап отыр. «Ақ Жайықтың» жазуынша, туыстары Бекбол Мираштың суицид жасағанына сенбейді. 

“Ол отбасындағы тұңғыш бала. Ата-анасының үміті мен тірегі еді. Қарындасы мен інісі бар. Менің – шәкіртім. Оны адал және мейірімді адам ретінде білемін. Біз оны ешқашан қайғылы, жабырқаулы күйде көрмеппіз», – дейді оның мұғалімі Айдана.

Айта кетсек, екі күн бұрын Атырау облысы Исатай ауданында ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің жауынгері қаза  тапрты. ҰҚК шекара қызметінің хабарлауынша, ҰҚК шекара қызметі сот-медицина сараптама нәтижесі жауынгердің «кенеттен жүрегі тоқтап» өлгенін жазды. Жауынгердің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: