Жексенбі, 06 қазан, 02:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда ғылымда белгісіз болған өрмекшілер табылған

01.10.2024

397 0

Ғалымдар Қазақстанның оңтүстігінде ғылымда белгісіз болған өрмекшінің 2 түрін анықтады, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Өрмекшілер қайдан табылды?

Қызылқұм шөліндегі экспедиция кезінде арахнология зертханасының қызметкерлері Қарамола тауынан бұрын ғылымға белгісіз өрмекшілердің екі түрін тауып алды. Табылған өрмекші түрлері аңшылар тұқымдасына жатқызылып, оларға атау берілді.

Өрмекшілердің жаңа түрі көбіне түнгі уақытта белсенді, ал күндіз қараңғы жерлерде ұйықтап жатады. 

Зерттеу нәтижесі қандай? 

«Зерттеу нәтижесінде қызық материал жиналып, өрмекшілер туралы жаңа мәліметтер пайда болды. Біздің арахнологтар өрмекшілердің 54 түрін кездестірді, оның 27-сі Қызылқұмда алғаш анықталса, 10 түрі бұған дейін Қазақстан аймағында кездеспеген. Ал екі өрмекші ғылымда мүлде белгісіз болған. Оларға Anagraphis karamola және Drassodes babenkoi деген атау берілді», – делінген хабарламада. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: