Сәрсенбі, 02 қазан, 15:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78-2088
01.10.2024
PDF мұрағаты

“Аспанға қараймын“ хитінің авторы Абай Бегейге ренішін білдірді

02.10.2024

98 0

Фото: Видеодан скриншот

Абай Бегейдің бағын жаққан “Аспанға қараймын” әнінің авторы Дәуір Абайұлы өнер иесіне реніші барын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сазгер “Астарлы ақиқат” бағдарламасында қонақ болып, әншімен ара-қатынасы үзілгенін айтты. 

“Қазір шығармашылықтан жырақтап қалдым. «Аспанға қараймын» деген әнім хит болды, бірақ мен үшін аса бір материалдық пайдасы болмады. Тек қана кей адамдар «Әннің авторы Қызылорданың жігіті екен, Дәуір деген азамат екен» дегені болмаса, келіп-кетер байлығы да, пайдасы да болмады. Қазір өзімнің несібемді такси жүргізушісі болып тауып жүрмін. Көлігімді несиеге алғанмын. Ай сайын 148 мың теңге несие төлеймін. Одан бөлек, басқа да қарыздарым бар. Жалпы сомасы 298 мың теңге төлеп отыруым керек. Шүкір, табысым өзіме жетеді», – дейді Дәуір Абайұлы. 

Сондай-ақ ән авторы Абай Бегейге ренжулі екенін де жасырмады. Ол бірнеше рет әншіден көмек сұрап хабарласқанда әнші қолұшын бермеген. 

“Абай Бегеймен арамыз жақсы деп айта алмаймын. Бірнеше рет көмек сұрап хабарласқан болатынмын. Бірақ «жоқ» деген жауап алған соң, әрі қарай түсінікті болды. Сосын мен де қоя салдым. Абай Бегей сол әнмен барлық жағдайын жасап алды. Бір хабарласып, «Ой, Дәке, жағдайың қалай, не істеп жатырсың?» деп сұрауына болар еді ғой. Жалпы, менің ғана емес, әрбір хит болған әннің авторының көкейінде бір өкпесі бар шығар деп ойлаймын. Мен де өкпелімін. Ақшалай көмек сұрағанымда «Жоқ!» деп кесіп айтты. Негізі оған дейін де арамызда түсінбеушілік, кикілжің болғаны рас», – деді сазгер.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: