2024 жылғы мамырдан бастап әлеуметтік желілерде Hamster Kombat атты ойын танымал болды, бұл ойынның мағынасы телефонның экранына шығатын атжалманды басып, ойын ішіндегі валютаны – монеталарды ұту. Монеталарды ұту үшін жаңа пайдаланушыларды тартып, ойын ішіндегі тапсырмаларды орындау қажет.
Қазіргі сәтке бұл ойынды 100 млн пайдаланушы ойнауда. Және олардың барлығы «листингті» күтуде. Ойыншыларға таяуда бұл валютаның криптобиржаға шығатыны және бүгінгі күні сауда-саттықта белсенді қолданылып жатқан Telegram мессенджерінің қолданыстағы монетасы – TON-ға байланыстырылатыны жөнінде уәде етілген.
Ойын (әзірше) қаржылай салымдарды талап етпейді, алайда өз ақшасынан және пайдаланушылардан айырылу тәуекелі бар. Себебі күн сайын шығып отыратын жаңа трендтермен қатар алаяқтар да айлаларын асыруға тырысып бағуда.
Бейтаныс адамдармен сөйлесуге тыйым салынады
Тегін дүниеге құмарларды алдау схемасының бірнеше түрі бар. Оның ең бастысы адамның ашкөздігін пайдаланып, тікелей алдау арқылы оның шоттары мен төлем карталарына қол жеткізу болып табылады.
Ойында белгілі бір деңгейге жеткеннен кейін қаскүнемдер әлеуметтік желілер немесе мессенджерлер арқылы ойынға қатысушыларға ойын валютасын не аккаунтты тұтастай сатып алу туралы қызықтыратын ұсыныс жасайды. Олар әжептәуір сыйақы ұсынады, өзін криптосарапшы ретінде көрсетпекші болып, арнайы терминдерді қолданып, сөзге тартады. Олардың басты мақсаты – пайдаланушының банктік картасының деректерін алу немесе оның интернет-банкингіне қол жеткізу және одан неғұрлым көп ақша шығарып алып, ізсіз жоқ болу.
Екінші тәуекел – бұл жеке деректердің, сондай-ақ ойыншылардың байланыс деректері мен медиа файлдарының заңсыз жария болуы. Сонымен бірге аккаунтты сатып аламын деген сылтауымен алаяқтар пайдаланушының құрылғысына қашықтан қосылуын сұрайды не компьютерден немесе мобильді телефоннан файлдарды жүктеуге сұрату жібереді. Алынған мәліметтер одан әрі алаяқтық схемалар немесе бопсалау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Алаяқтар көбіне аккаунтты ұрлауға тырысады. Егер пайдаланушы рұқсат берсе, олар құпиясөздерді өзгертіп, пайдаланушының атынан ақшалай көмек сұрайтын жалған сілтеме жасайды. Ал хат-хабарлар мен бірлескен фотолар алаяқтарға жәбірленушінің жақындары мен достарын шатастыруға әкеп соғады.
Алаяқтықтың тағы бір түрі – ойын валютасын немесе аккаунтты сатып аламын деген сылтаумен фишингтік сілтемелер мен вирус-шифраторлар жіберу. Мұндай сілтемені басқан кезде құрылғы сатып алу талабына сәйкес бұғатталуы мүмкін. Не орнатылған вирус пайдаланушының жеке деректері мен қаржылық деректемелерін жинап, белгілі бір кезеңдерде оларды алаяқтарға жіберіп отырады.
Жүз сомың болғанша…
Ойындағы деңгейіңізді арттыру үшін кейде қосымшаға жаңа ойыншыларды шақыру қажет. Бұл қосымша бонустар береді. Бірақ қосылуға қызығушылық танытатын достар бір кезде аяқталады, бірақ пайдаланушылар санын көбейту талаптары жалғаса береді.
Сондықтан алаяқтар ойыншыларға біреуі үшін 200-500 теңге бағаға «реферал» жинап беру бойынша өз қызметтерін ұсынады. Біріншіден, мұндай «сатып алу» жұмыс істейді – және сатып алушы үлкен партияға келіседі. Бірақ ол ақша аударған кезде сатушы бірден ізін суытады.
Және бұдан да ауыр қылмыстық схема бар: алаяқтар ойыншыларға делдал болуды ұсынады, яғни олардың картасы транзиттік карта ретінде қолданылады. Алаяқтар ақшаны ойыншының картасына аударады, оларға қаражаттың бір бөлігін өздеріне қалдыруды, ал қалған аударымдарды криптовалюталар арқылы жасауды ұсынады.
Егер аңғал ойыншы келіссе, онда ол ақшаны жылыстату және заңдастыру немесе терроризмді қаржыландыру схемасына қатысушы болып шыға келеді. Бұл тіпті қылмыстық қудалауға ұшырау қаупін төндіруі мүмкін.
Өзіңізді қалай қорғауға болады?
Ақшаға қатысты кез келген ұсыныстарға мән беріңіз, сақ болыңыз және маңызды қаржылық шешімдер қабылдауға ешқашан асықпаңыз.
Бейтаныс адамдарға ешқашан жеке деректеріңізді айтпаңыз және жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жібермеңіз.
Картаңыздың толық мәліметтерін ешкімге бермеңіз немесе оның суреттерін желіде жарияламаңыз. Егер біреу Сізге ақша аударғысы келсе, оларға карта нөмірін немесе телефон нөмірін айту жеткілікті.
Транзакциялар бойынша деректерді жедел алу үшін SMS/Push-хабарландыру сервисін қосыңыз. Егер сіз жасамаған операция туралы хабарлама келсе, растау кодын енгізбеңіз, банкке қоңырау шалыңыз және ақпаратты нақтылаңыз.
Өзіңіздің төлем картаңыз үшін 3D-Secure (VISA) немесе SecureCode (MasterCard) қосыңыз.
Егер сіз онлайн-сатып алу жасағыңыз келсе, сайттың шынымен де интернет-дүкенге тиесілі екендігіне көз жеткізіңіз және мекенжай жолағында сайттың жазылуын мұқият тексеріңіз, ол HTTPS-тен басталуы және қасында жабық құлып белгісі бар болуы тиіс.
Егер сіз күмәнді сайтта карта деректерін енгізсеңіз немесе оларды алаяқтарға қате хабарласаңыз, картаны бұғаттау үшін банкке қоңырау шалыңыз.
Сайттардағы электрондық поштаңыз бен жеке кабинеттеріңіз үшін күрделі құпия сөздерді пайдаланыңыз және оларды ешкімге айтпаңыз. Құпия сөздер әр түрлі, бас әріптермен және кіші әріптермен, цифрлармен және арнайы таңбалармен болуы керек.
Электрондық құрылғыларыңызға күмәнді бағдарламаларды орнатудан аулақ болыңыз.
Интернет-банкинг сервистерін қосатын құрылғыларда лицензиялық антивирустық бағдарламалық қамтылымды пайдаланыңыз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!