Жексенбі, 06 қазан, 03:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Күйеуі әйелін күштеп жындыханаға жатқызған

02.10.2024

284 0

Сурет:pixabay.com

Күйеуі әйелін күштеп психикалық сауықтыру орталығына жатқызған. Оқиға Түркістан облысында орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жәбірленуші әйелдің айтуынша, отбасындағы жанжалдан кейін күйеуі екі досымен бірге оны байлап, Шымкенттегі облыстық психикалық денсаулық орталығына апарған. 

Күйеуі осы орталықтың қызметкерлерімен алдын ала келісіп, әйелді ақыл-есі кем деген диагнозбен орталыққа орналастырыпты. Әйел емханада үш күн жатқан.

Сондай-ақ әйел осы мекемеде болған кезде орталық қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне куә болғанын да айтты.

Әйел Түркістан қалалық полиция басқармасына арыз жазып, полиция қылмыстық іс қозғаған. Алайда 2024 жылдың тамыз айында қылмыстық іс белгісіз себептермен жабылып қалған. 

Қазір Түркістан қаласының прокуратурасы қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жойып, қылмыстық іс қайта қозғалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: