Сәрсенбі, 16 қазан, 15:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

4251 азамат үйден дауыс беруге өтініш жазды

06.10.2024

338 0


Референдумда дауыс беруге ниет білдірген азаматтардың арасында үйден өтініш қалдырған азаматтар да бар.
Облыста 4251 азамат үйден дауыс беруші өтініш қалдырған. Оның 685-і Қызылорда қаласында, қалғандары аудандардан берілген.
Өтінішке сәйкес учаскелік референдум комиссиясының екі мүшесі тасымалданатын жәшікпен бірге азаматтың үйіне барып дауыс беруге жағдай жасады.
Үйден дауыс беруді қалаған азаматтардың бірі – Күлмариям Реметәліқызы. Ол Қызылорда қаласының тұрғыны ретінде әрбір саяси науқанға азаматтық жауапкершілікпен қарап, белсенді қатысуда.

  • Мемлекет үшін маңызды кезеңде әрбір азаматша үнсіз қалуға тиіс емес деп ойлаймын. Әр науқан кезде үйден дауыс беруге өтініш қалдырамын. Учаскенің комиссия мүшелері келіп дауыс алады,-дейді дауыс беруші.
    Еске салайық, референдум күні облыс бойынша 492 380 азамат дауыс беруге құқылы.
    Өңірде азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 179 онлайн сервис жұмыс істейді. Сондай-ақ, азаматтарды уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 онлайн учаске бар.
    Облыста 380 референдум учаскесі жұмыс істейді. Мұнда 2652 комиссия мүшелері қызмет атқарады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: