Сәрсенбі, 16 қазан, 15:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің ұлы өмірден өтті

08.10.2024

932 0

Қазақстанның белгілі композиторы марқұм Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлы қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Суық хабарды тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мәлім етті.

“Соңғы болған оқиғаларды естіп, жүректен жүрек қалмады. Көңілім құлазып отыр. Бүгін тіпті Арман Дүйсеновтің ұлы қайтыс болды деген хабарды естіп, отбасына қайғыра көңіл айтамын! Бекем болыңыздар. Алла бәріне ғұмыр сыйласын. Қазақта «аталатсаң да, боталатпа» дейді. Анасына өте ауыр. Бекем болыңыз! Осы Кеңсай зиратында Қайрекең мен Арман Дүйсенов қатар жатыр. Ол кісі екеуіне құран бағыштадық деп фото, видео жіберіп тұрады. Рақмет, сізге!», – деді журналист. 

“Арман аға отбасын қатты жақсы көретін. Қызы Лондонда оқитын еді, соны уайымдайтын. Бір күні “Ұлым Абылай менің орнымды басады. Ол менің ізімді жалғастырады. Айсұлу да керемет келіншек. Сол қалпында жақсы көремін” деп айтты. Сол кезде кететінін сездірді. Бірақ біз тыйып тастап отырдық”, – деген еді өнер иесі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: