Сәрсенбі, 16 қазан, 15:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

«Есірткіге жол жоқ!»

08.10.2024

463 0

«Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында облыстық GIF – аннимация әзірлеу
сайысы ұйымдастырылды
Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан облыс көлемінде орта, орта арнаулы оқу орындарының оқушы, студенттері арасында «Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында GIF – аннимация әзірлеу сайысы ұйымдастырылды.
Сайыстың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлық проблемаларын және қатысушылардың ақпаратты қолжетімді ұсыну арқылы олардың жеке пікірлерін баяндау мүмкіндігін түсіндіру және өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді пайдалануға тарту болып табылады.
Байқауда қатысушылар өз ойларын шығармашылықпен жеткізе білді, заманауи техниканың мүмкіндіктерін пайдаланып, өз анимацияларында нашақорлық проблемаларын көрсете алды.
Облыстық финалдық байқауға 12-20 жас аралығындағы алты оқушы студент өтті, комиссияның шешіміне сәйкес барлығы жеңімпаз атанды, олар: Двоеглазов Павел («Атамекен» балалар ауылы), Мырқы Жансая (Жалағаш ауданы N123 мектеп-лицей), Қосанов Еркебұлан, Жеңіс Еркеназ, Ұзақбаев Асхат (Арал ауданы N262 мектеп – гимназия, 14 мектеп-лицей, N220 орта мектеп), Ан Карина (Қызылорда қаласы N23 мектеп – лицей).

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: