Бейсенбі, 01 маусым, 11:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№43 (1950)
30.05.2023
PDF мұрағаты

Қызылордада жаппай төбелес болды

28.03.2023

585 0

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлардың нарядтары күшейтілген.

Қызылорда облысында көшедегі төбелестен кейін полиция бөліміне 8 адам жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 26 наурызда сағат 2.00 шамасында Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кенті Пірімов көшесінің бойында болды. Полиция бөліміне ер азаматтардың айқай-шу шығарып, бұзақылық жатқандығы туралы хабарлама түскен.

«Төбелеске қатысты деген 8 адам полиция бөліміне жеткізілді. Оқиға бойынша қалған азаматтарды анықтау бағытында тиісті шаралар жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ. Полицияға шағым түскен жоқ», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция басқармасынан.

Ведомство мәліметінше,бұл бойынша тергеу әрекеті жүргізілуде. Аудан аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлардың нарядтары күшейтілген.

Фото: NewTimes.kz

Тағы да оқыңыз: