Сәрсенбі, 16 қазан, 15:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Сырдария ауданы, Бесарық ауылының тұрғындары да акцияға қарқынды үлес қосуда

09.10.2024

424 0

Бесарық ауылында «Таза Қазақстан» акциясына ауыл тұрғындары мен ауылдағы шаруашылық құрылымдары белсене атсалысуда. Ауыл инвесторы «Абай-Дәулет» ЖШС-і ауылды аббатандыру шараларына белсене қатысуда.
Меценат «Абай-Дәулет» ЖШС басшысы Мұрат Сәрсенбаевтың демеушілігімен ауылды қарқынды абаттандыру жұмыстары жүргізілді, – дейді ауылдық Қоғамдық кеңес төрағасы А.Ақжігітов.
– Біздің Бесарық қазір бау-бақша іспетті, айналасы жасыл желекке оранған, гүлдері мен жас ағаштары жайқалып тұр. Серіктестік ауыл тұрғындарына жайлы демалыс орнын жасау мақсатында орталық алаң мен көшелерді абаттандырды. Бірқатар маңызды әлеуметтік нысандар қайта жаңғыртылды, жаңа өндіріс орындары ашылды. Осының барлығы ауыл тұрғындарының көңіл-күйіне, әлеуметтік жағдайының жақсаруына оң әсер етуде.
Экологиялық акция басталғалы Сырдария ауданында ауқымды жұмыстар атқарылды. Каналдар мен су қоймалары, қарт ауыл тұрғындарының аулалары, көптеген әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындардың аумақтары қоқыстан тазартылды. Мыңдаған ағаштар отырғызылды. Біздің еріктілеріміз де туған жердің тазалығы үшін өзгелерге үлгі боларлық.
Айта кету керек, облыста «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталғалы оған 548 299-дан астам облыс тұрғыны қатысты. 21360 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 505 алаң мен саябақтар, 225 тарихи ескерткіштер аумақтары, 791 әлеуметтік нысан, 1130 өндірістік және кәсіпкерлік нысан, 294 су айдындары, 47451 аулалар мен көшелер тазартылды.
548 арнайы техника қолданылып, 129 358 ағаш көшеттері отырғызылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: