Сенбі, 27 сәуiр, 18:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Танымал әнші Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваға су жаңа көлік сыйлады

11.07.2023

513 0

«Асыл» тобының солисі Ақерке Бүркітбай Instagram желісінде енесі Роза Рымбаеваға күйеуі жасаған сыйлығын көпшілікке бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Ақерке Бүркітбайдың айтуынша, кеше, 10 шілде күні таңертең Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваға шамамен 21 млн теңге тұратын Geely Manjaro маркасының көлігін сыйлаған. Алайда Ақерке барлық видеоны желіге тек барлығы өткеннен кейін, яғни, келесі күні шығаратынын айтты. «Кеше отбасымыз үшін әдемі күн болды. Әли анамызға жаңа көліктің кілтін табыстап, сыйлық жасады. Жаңа модельді, өте әдемі түсті. Құтты, берекелі көлік болсын», – деді Ақерке Stories бөлімінде. Сондай-ақ Әлидің анасына жасаған сыйлығы желі қолданушыларын сүйсінтті. «Роза апамызға керемет сыйлық», «Әли, жарайсыз, осылай анаңызды қуантып жүріңіз», – деді желі қолданушылары.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: