Сәрсенбі, 16 қазан, 15:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Астанада төрт адам жас жігітті 9 қабаттан лақтырып жіберген

14.10.2024

333 0

Фото: Massaget.kz

Әлеуметтік желіде төрт адам 19 жастағы жігітті өлтіріп, 9-қабаттан лақтырып жібергені туралы ақпарат тарады. Полиция бұл дерекке қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жайлы қаза тапқан жігіттің анасы айтты. Оның сөзінше, төрт адам ұлын қинап өлтіріп, жоғары қабаттан лақтырып жіберген.  

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 13 қазанда 102-ге ер адам өлі табылғаны туралы хабар түскен. 

«Полицейлер оқиға орнына келіп, қаза тапқан адамның кім екенін анықтады. Алматы ауданының полиция басқармасы адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – дейді полицейлер. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: