Бейсенбі, 29 ақпан, 12:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2027)
27.02.2024
PDF мұрағаты

Жастар жат ағымның жетегіне неге тез ереді?

06.12.2023

518 0

      Фото: ile-tany.kz

Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің  негізгі борыштарын  атқаруға  кіріседі, яғни оларға тәрбиеші бола бастайды. Отбасының берік негізі міне, рухани мүдденің бірлігінде болмақ. Ерте кезде балалар  оқыса да, оқымаса  да  дін талап еткен  тұрмыс ережесін білуге, орындауға тиісті болған. Ғасырлар бойы қалыптасқан, халық дәстүрлері мен салттары болған, отбасы тәртібі солар арқылы қатаң реттеліп отырған.

  Жастардың діни сауаттылығы – қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Олардың рухани санасын оятуда діннің алар орны ерекше. Ұлттың бүгіні мен келешегі – білімді жастың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Адам діни сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға, қоршаған ортаға деген көзқарасы қалыптасып, кемелдену құбылысы жүзеге асады. Жастардың рухани және діни сауатты болуы – кезек күттірмес мәселелердің бірі.

 Көп нәрсе білімсіздіктен туатыны даусыз. Жастарымыздың жат діни ағым жетегіне кетудің ең алғашқы, басты себебі – діни білімсіздік. Дінге толық таныммен, біліммен келмей шала сауатпен, эмоционалды сезіммен келіп, өзінің қалай адасқанын аңғармай жатады.

 Білімсіз адамның өзіне деген сенімсіздігі, дін төңірегіндегі сұрақтар туралы кішкене болса да ақпараттың болмауы, ненің ақ, ненің қара екенін ажырата алмай жатады. Жат ағым жетегінде жүрген азаматтардың басым көпшілігінің діни сауаты жоқ екенін көріп жүрміз.

  Осы тұста жастардың мемлекеттік ішкі және сыртқы саяси өміріне белсене аластырып, олармен әлеуметтік жұмыстар жүргізудің маңыздылығына көңіл бөлу қажеттігі туындайды.

 Өркениет үдерісінде болашағының жарқын, өрісінің кемел болғанын қалайтын әрбір зайырлы мемлекет жеткіншек ұрпақтың тәлімі мен тәрбиесіне, олардың толыққанды азамат болып өсуіне жіті көңіл бөліп, мол мүмкіндіктер жасауға тырысады.

  Тәрбие процесі қоғамның негізі қызметтерінің бірі екені даусыз. Бұл жерде тәрбиелеу міндеті нақты бір ғана әлеуметтік институт атқара алмайтынын  түсінуіміз керек. Бұл процеске отбасы, білім беру және мәдениет мекемелері, билік құрылымдары, бұқаралық-ақпарат құралдары атсалысады.

  Қазіргі жастардың басым бөлігінің қоғам өміріне араласуы ғаламтор желісі арқылы жүзеге асады. Жас балалардың көпшілігі қолына кітаптан бұрны түрлі гджеттерді ұстап, өмірді тани бастайды.

Ғаламтор жүйесі мейілінше дамыған заманда діндер бойынша да сан түрлі мағлұмат алуға болады. Оның бірақ дұрысы да, бұрысы да жетіп артылады. Жастардың діни көзқарастарының дұрыс бағытта қалыптасқаны, радикалды діни  иедеялардан мүлдем аулақ болғаны қажет.

Жастардың ғаламторға тәуелділігін жою, оларды шынайы өмірге араластыру үшін олармен көбірек қарым-қатынас жасап, қоғамдық пайдалы еңбекке, қызығушылығы бойынша мәдени, спорттық іс-шараларға тарту керек. Жастардың діни көзқарастарының дұрыс бағытта қалыптасқаны, радикалды діни идеялардан мүлдем аулақ болғаны қажет.

  Гүлнара Рысбаева

Қызылорда облысының дін істері

басқармасы дін мәселелерін зерттеу

орталығы КММ-нің

психолог маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: