Сәрсенбі, 16 қазан, 17:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Түнгі клубтағы төбелес адам өлімімен аяқталды

16.10.2024

76 0

Сурет:видео скриншот

Қостанай облысы Лисаковск қаласындағы түнгі клубтардың бірінде екі ер адам сөзге келіп қалған. Ер адам екіншісін жерге құлатып, соққыға жыққан. Жәбірленуші содан кейін есін жимаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде тараған видеодан бірі екіншісін көтеріп, еденге лақтырғанын байқауға болады. Ер адам оны жерге құлатып, бетінен бірнеше рет ұрған. 

Полиция мәліметінше, оқиға 11 қазанда болған. 41 жастағы ер адам 15 қазанға қараған түні ауруханада көз жұмған.
22 жастағы күдікті қамауға алынды. Іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы «Адам денсаулығына ауыр зиян келтіру, абайсызда зардап шегушінің өліміне әкеп соғу» бойынша тергеліп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: