Сейсенбі, 16 сәуiр, 17:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

7 күнде 1900 құқықбұзушылық анықталды

22.11.2022

414 0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері жол қауіпсіздігін алдын алу және жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында ауқымды профилактикалық жұмыстарын жүргізуде. Профилактикалық шара нәтижесінде патрульдік полиция батальон қызметкерлері бір аптада 1914 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Бұл туралы Қызылорда қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Анықталған деректердің ішінде 8 жүргізуші мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін ұсталды. Мас күйінде көлік жүргізу фактілері бойынша полицейлер әкімшілік хаттамаларын толтырып, материалдары сотқа жолданды. Енді жүргізушілер заң аясында көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетерлігі, қызылордалық жүргізушілердің арасында ең көп бұзылатын тәртіп – қауіпсіздік белдігін тақпаудың – 195 дерегі, автокөлікті басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланудың – 79 дерегі, жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермеудің – 78 құқықбұзушылығы, жаяу жүргіншінің жол ережесін бұзуы бойынша – 108 дерегі анықталды.

​Полиция қызметкерлері жүргізушілерді және басқа да жол қозғалысына қатысушыларды жол қауіпсіздік ережелірн қатаң сақтауға шақырады. Соның ішінде жылдамдық режимін және маневр жасау ережелерін бұзбауға, қарсы қозғалыс жолағына шықпауға, қашықтықты сақтауға және ең бастысы, мас күйде көлік басқаруға заң жүзінде тыйым салынатынын ескертеді. Ал профилактикалық мақсаттағы жұмыстар мен құқық бұзушылықпен күрес жалғаса береді.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: