Сәрсенбі, 16 қазан, 23:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Сібір жарасынан сақ болыңыз

16.10.2024

68 0

Қызылорда облысында 2023 – 2024 жылдары сібір жарасы немесе оған күдікті жағдайлар адамдар мен ауыл шаруашылығы жануарлары арасында тіркелген жоқ. Дегенмен, облысымыздың аумағында аса қауіпті табиғи ошақтық инфекция сібір жарасының ошақтары сақталған. Облыста сібір жарасы ауруынан 60 стационарлық-қолайсыз нүктелер және 68 сібір жарасы ауруының топырақтық ошақтары тіркелген. Аурудың алдын алуда облыс бойынша жоспарлы түрде ауылшаруашылығы жануарлары сібір жарасына қарсы егілеп отырады.
Ауру жұқтыру көзі – мәжбүрлі сойылған ауылшаруашылығы жануарлары. Берілу жолдары мен факторлары – мәжбүрлі сойылған және өлген ауылшаруашылығы жануарының қанымен, терісімен және етімен тығыз жанасу.
Айта кету керек, біздің өңірде де малды ветеринарлық куәландырусыз сою, сонымен қатар, ветеринариялық анықтамасы жоқ жануарларды сату фактілері жиі кездеседі. Бүгінгі күні облыстар арасында ауылшаруашылығы малдарының қозғалысы қарқындау кезінде індеттің алдын алу шараларын тиісті деңгейде жүргізілмеген жағдайда облыс тұрғындарының сібір жарасымен ауырмайтындығына кепілдік беру мүмкін емес. Сібір жарасының алдын алуда -санитарлық қорғау аймағында топырақты қазуға және ауыстыруға, іздестіру, гидромелиоративтік, құрылыс құрылыс жұмыстарына, жалға беруге, жеке меншікке сатуға, бау-бақшаға немесе өзге де мақсатта пайдалану үшін жер учаскелерін бөлуге жол берілмеуі тиіс. Сонымен қатар – сібір жарасының топырақтық ошақтарын бүкіл периметрі бойынша ормен және биіктігі кемінде 1,5 метр және диаметрі 5 шаршы метр қоршаулармен (бетон немесе металлдан) қоршалып, «сібір жарасы» деген жазылған тақтайшалар ілінеді, қауіпсіздік үшін кіруге тиым салынады. Облыстағы сібір жарасының ошақтары арнайы белгілермен белгіленіп, қоршалған. Тұрғындар тарапынан осы қауіпті аймақтарға мал жайылуын немесе басқа да қажеттілікке пайдалануын болдырмауы тиіс.
Сібір жарасы туралы жалпы түсінікке келсек, (түйнеме немесе күйдіргі ) бұл жұқпалы аса қауіпті ауру. Ол дене қызуының көтерілуімен, лимфа жүйесінің зақымдалуымен және ағзаның ауыр түрде уланумен сипатталады. Сібір жарасы көп жағдайда терілік формада кездеседі, өте сирек ішектік , өкпелік және сепсистік формада өтуі мүмкін. Аурудың қоздырушысы –таяқша пішінді аэробты бактериялар, бұл бактериялар адам немесе жануарлар ағазасынан тыс жерде споралар түзіп, қоршаған ортада топырақта ұзақ жылдар бойы сақталады. Сібір жарасын адамға жұқтырушы көз-үй жануарлары (ірі қара мал, қой, ешкі, түйе, шошқа) болып табылады.
Аурудың жұғу жолдары: адамға ауру малды сою кезінде, терісін өңдеуде және бактериямен спораларымен ластанған тағамдар мен ауыз суын ішіп-жеуде және ластанған топырақты егістікте қолдануды жұғуы мүмкін. Ауру көбінесе теріні зақымдайды, сирек түрде ішкі мүшелерді де зақымдауы мүмкін. Инкубация кезеңінің ұзақтығы бірнеше сағаттан 14 күнге дейін, сепсистік формада 6-8 күн. Қоздырғыш енген жерде алдыменен диаметрі 1-2 см, қызыл-көкшіл түсті ауырмайтын дақ пайда болады. Сол жер қышиды, ашиды. Бірнеше сағаттан кейін дақтың орынында мыстың түсіндей папула пайда болады. 12- 24 сағаттан кейін серозды, соңынан қанды сұйықтыққа толы везикулаға айналады. Осы везикула жарылғаннан кейін, жиектері көтеріңкі, түбі қоңыр түсті жараға айналады. Осы везикула жарылғаннан кейін, жиектері көтеріңкі, түбі қоңыр түсті жараға (карбункул) айналады. Жараның айналасы қызарып, ісіп 1-2 аптадан кейін жараның ортасы қарайған тығыз, ауырмайтын некрозды қабыршаққа айналасындағы қызарған терінің ортасындағы қара дақ, қызыл шоқтың ортасындағы көміртәрізді көрінеді. Оның айналасында сезімталдық мүлде болмайды.
Карбункулдың ең көп орналасатын жері –аяқ-қол, мойын және желке. Қосымша әлсіздік, шаршағыштық, басының ауыруы, дене қызуы 39-40 –қа дейін көтереді. Дер кезінде емделмеген немесе кеш емделмеген терілік түрде өлім жағдайы 5 пайызға дейін жетеді. Өкпелік-ішектік формада өлім 80-100 пайызда дейін жетеді. Ауырған адам аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда дер кезінде дәрігерге қаралса, толығымен жазылып кетуге болады.

Динара Жанабергенова
Қызылорда облысының СЭБД басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: